Выйти
RU

"Байқоңырдан" ұшырылатын зымыран тасығышының саны азаюы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ал, Биыл "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран тасығыштар саны азаюы мүмкін. Бұл туралы "Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстанның келісіміне сәйкес, биыл Байқоңырдан 15 зымыран тасығышы ұшырылуы тиіс болған. Алайда, 6-шы болып көкке көтерілген "Протон-М" зымыран тасығышы көп ұзамай жерге құлап, жоспарланған іс шараларды кейінге қалдырды.

"Қалған тоғызын енді жылдың аяғына дейін ұшырып үлгере алмайды, мүмкін 5-6 ұшыру болатын шығар. Сондай-ақ, мемлекет басшыларының келісіміне сәйкес, алдағы уақытта "Протон-М" зымыран тасығышының орнын Зенит" ракетасы алмастыруы да ықтимал", -  дейді ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков.

Айта өтейік, мамандар аталған зымыран тасығыштың экологиялық залалы аз деп отыр. Осы мақсатта "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл кешенде отандық мамандар жұмыс істейтін болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Байқоңырдан" ұшырылатын зымыран тасығышының саны азаюы мүмкін