Выйти
RU

Назарбаев Испания Премьер-министрімен нәтижелі келіссөздер жүргізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахойды қабылдады.

Ресми шарадан кейін мемлекет басшысы мен испан премьер-министрі шағын құрамдағы келіссөздер өткізді. Екеуара әңгіме барысында қос тараптың сауда-экономикалық серіктестігі сөз болды. Мариано Рахой Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Испания королінің сәлемхатын табыстады.

Мемлекет басшысы өз кезегінде өткен ғасырда Қарағанды лагерлерінде тұтқында болған испан азаматтары жайындағы мұрағат құжаттарын тапсырды.

"Келіссөздер өте нәтижелі болды деп санаймын. Қол жеткен келісімдер екі елдің арасындағы стратегиялық қатынастар жоғары деңгейде екенін білдіреді. Біз Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға келістік. Көп мәселелерді талқыладық, екі ел арасындағы қарым-қатынасты, біздің регионның мәселесі, дүниежүзілік мәселелер жөнінде пікір алыстық", - дейді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақордада болған келіссөздердің қорытындысы бойынша Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Испания Мемлекеттік басқару ұлттық институты арасында өзара меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, "Қазақстан Темір Жолы ұлттық компаниясы" мен испандық "Патентс Тальго" компаниясы арасында қала маңында жүретін пойыздар өндірісін ұйымдастыру жобасы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум да бекітілді.

Бұдан бөлек, екі елдің іскерлік топтары бизнес-форумға қатысып, бірнеше келісімдерге қол қояды деп жоспарланған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев Испания Премьер-министрімен нәтижелі келіссөздер жүргізді