Выйти
RU

Елімізде зейнетақы қорларына алынатын пайыз өсуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинақтарына көбірек қаржы құя бастайды. Зейнетақы қорына тапқан табысын салатындар санын арттыру керек деген Үкімет басшысы енді міндетті пайызды өсіруді қолға алмақ деп хабарлайды КТК арнасы.

Серік Ахметовтың дерегіне сүйенсек, елімізде 2 млн 700 мың адам түрлі жеке кәсіп саласында қызмет етеді екен. Алайда соның жартысы зейнетке шыққанда алатын ақшасына алаңдап отырған жоқ.

Яғни зейнетақы қорына тіркелмеген, пайыздық жарнасын аудармайды. Қазіргі зейнетақы реформасының басты бағыты да осы болмақ. Еңбек етіп нәпақа тапқандардың барлығын жарна төлеуге міндеттеу. Үкімет отандастардың жалақысынан зейнетақы қорларына алынатын пайызды өсіруді де қолға алмақ.

"Келесі мәселе жалақыдан зейнетақыға аударылатын пайызды өсіру. Мәселен Сингапурде азаматтардың тапқан табысының 40 пайызы зейнетақы қорларына аударылады. Біз бұған біртіндеп қадам басатын боламыз. Жыл өткен сайын отандастарымыздың жағдайы жақсара түсуде, ауқатты адамдар көбейді. Сондықтан бұл жоспар да жуық арада орындалуы мүмкін", - дейді ҚР премьер-министрі Серік Ахметов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде зейнетақы қорларына алынатын пайыз өсуі мүмкін