Выйти
RU

Білім министрлігіне бөлінген 10 млрд теңге жоғалып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақын күндері Білім министрлігінде қаржылық тексеру басталады. Өйткені, атын жер көкке жеткізе мақтаған е-лёрнинг бағдарламасына жұмсалған 10 млрд теңге құмға сіңгендей жоқ болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Мәжілістің әлеуметтік-даму комитеті бүгін бағдарламаның орындалу барысын қатаң сынға алды. Бірнеше жылдан бері шенеуніктердің аузынан түспей, мақтауы жер асқан жоба іс барысында ақсаған. Жалпы бұл жобаға 10 миллиард теңге жұмсалған екен.

Алайда, қыруар қаржыға бағдарлама да, мұғалім де дайын болмай шықты. Бүгін Білім министрлігінің өкілдері е-лёрнинг бағдарламасын депутаттарға түсіндірсін деп қарапайым мектеп мұғалімін әкелгенімен, оның қарапайым оқушы үшін не қажеттілігі барын түсіндіре алмай дал болды.

Депутаттар енді көзсіз ақша жұмсайтын бұл бағдарламаны дереу тоқтатуды талап етіп отыр. Ал алдағы 1-2 айдың ішінде Білім министрлігін осынша қаржыны қайда жұмсағанын анықтау үшін прокуратура мен есеп комитеті және қаржы полициясы шұғыл түрде тексеруге кіріседі.

"Менің айтарым: бұл бағдараламын қаржыландыруды тоқтату керек. Қаржы полициясы, есеп комитеті және прокуратура бірлесіп, нақты қанша қаражат жұмсалды, соны тексерулері тиіс. Байқаулар қалай өтті? Неге кейбір мектептерге компьютерлер екі есе бағасына сатып алынған? Біз мұның бәрін анықтайтын боламыз", - дейді Мәжілістің әлеуметтік–мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Білім министрлігіне бөлінген 10 млрд теңге жоғалып кетті