Выйти
RU

Әйелі мен өзін атқан әскериге байланысты сот отырысы басталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскеменде әйеліне оқ атып артынан өзін өлтірген әскери қызметкерге байланысты сот отырысы басталды. Өскемен гарнизонының әскери соты осы іске қатысы бар деген тараптардың пікірін тыңдады.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты екі әскери күдікке ілігіп отыр. Оларға тәуліктік кезекшілік қызмет атқару кезінде жарғылық ережелерді орындамады деген айып тағылуда.

Дәлірек айтсақ Өскемендегі 27/943 әскери бөлімінің қызметкері Бауыржан Қабылбековтың қару-жарақ бөлмесінен автоматты ұрлап алып шығуына жол берген. Күдіктілердің ісі қылмыстық істің 378-ші бабы, екінші тармағы бойынша қаралып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 4-ші шілде күні Өскемендегі дүкендердің бірінде болған. 27/943-ші әскери бөлімінің қызметкері Бауыржан Қабылбеков сауда орнына автоматпен кіріп әйелін қорқытқан.

Әскери қызметкер әуелі дүкеннің ішінде әйелінің жанындағы қызды жаралайды. Одан соң далаға қашып шыққан келіншегін атып, артынан өзіне оқ атады. Әскери сот бұл іске байланысты ертең үкім шығаруы тиіс.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйелі мен өзін атқан әскериге байланысты сот отырысы басталды