Выйти
RU

Депутаттар бензинге салық салуды ұсынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сарапшылардың ойынша, бензин тапшылығы ең алдымен оңтүстік аймақтарда байқалмақ. Себебі, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жақын күндері күрделі жөндеу жұмыстарына тұрмақ.

Ал, Мәжіліс депутаттары "Бензинге салық салынсын!" деген бастама көтеріп отыр. Алайда, үкімет мүшелері олардың бұл ұсыныстарына келісе қойған жоқ. Сондай-ақ, терістей де алмады. Себебі, жауапты министрліктің өкілдері жиынға дайындықсыз келіпті.

Салық заңнамасының жобасын қарастырған мәжілістегі жұмыс тобының бүгінгі талқылауы басталмай жатып аяқталды. Себебі, заң жобасын арқалап келген үкімет мүшелері депутаттардың сұрақтарына жауап бере алмай, қиналды.

Депутаттардың пікірінше, салықты уақытында төлемегендерді қатаң айыппұлға тартуға болмайды. Сондай-ақ, олардың ойынша, күш қуатының көлемі жоғары көліктерге салық салып қажеті жоқ. Бұл мәселеде Ресейдің соңында жүріп, көлікке емес, бензинге салық салған тиімді- дейді депутаттар.

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Светлана Романовская: "Бензин бағасын қымбаттатуды бізден Ресей талап етіп жатыр ғой. Бір Одақ аясында өмір сүріп жатқандықтан бензин бағасы бәрібір Ресейдікіне жетеді. Ал Ресейді көлік салығы жоқ. Біз де көлікке салық салмай, бензинге салық салсақ, бұл әлеуметтік әділдік болар еді", - дейді.

Ал Нұртай Сабильянов: "Кім айтты, жаңа "Жигули" ескі машина секілді емес деп?", - деген сауалын қойды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Депутаттар бензинге салық салуды ұсынды