Выйти
RU

Қазақстан мен Қытай ұлттық валютада есеп айырысу мәселелерін талқылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Григорий Марченко Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында ұлттық валютада есеп айырысу мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Осы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченконың Қытай Халық Банкінің Төрағасы Чжоу Сяочуань мырзамен ресми кездесуі болды.

"Кездесу барысында Марченко Г.А. және Чжоу Сяочуань мырза екі ел арасындағы қаржы саласындағы қатынастарды дамытудағы оң динамиканы және оларды одан әрі дамыту перспективаларын атап өтті; сондай-ақ Тараптар перспективалық бағыттардың бірі Қазақстан мен Қытайдың ұлттық валюталарымен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау болып табылатынын атап өтті", - делінген Ұлттық банктің баспасөз баянында.

Осы сапар барысында 2013 жылғы 25 қыркүйекте Пекин қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытайдың банк қызметін реттеу жөніндегі комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.

Осы Меморандумға қол қою барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Марченко Г.А. және Қытайдың банк қызметін реттеу жөніндегі комиссиясының Төрағасы Шан Фулинь мырза Қазақстан мен Қытайдың банк секторын дамыту, банкті реттеу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылады.

2013 жылғы 26 – 27 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Марченко Г.А. Сиань қ. өткен "Еуразиялық экономикалық форум 2013" форумына қатысты. Осы форумда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Марченко Г.А. "Шетелдік тікелей инвестициялар тарту, зейнетақы жүйесін реформалау, юаньнің аймақтағы рөлі" тақырыбында баяндама жасады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан мен Қытай ұлттық валютада есеп айырысу мәселелерін талқылады