Выйти
RU

Алматы облысында ЖКО-дан үш адам қаза болып, біреуі жарақаттанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында ЖКО-дан үш адам қаза болып, біреуі жарақаттанды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Жамбыл ауданы, Үңгіртас кентінің маңында "Алматы-Бішкек" автожолының 77-ші шақырымында болған.

"Алдын ала болжамға қарағанда, шығыс бағытта келе жатқан "Ауди А-6" көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, "Мерседес" көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан екі жүргізуші мен "Мерседес" жолаушысы қаза тапты. Аталған көлікте болған екінші жолаушы Ұзынағаш ауылдық ауруханасына жеткізілді",-делінген хабарламада.

Қазір орын алған апатқа байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында ЖКО-дан үш адам қаза болып, біреуі жарақаттанды