Выйти
RU

Астаналық "Протонға" қарсы белсенділерге айыппұл салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астана қалалық әкімшілік соты 30 қыркүйек күні түнгі 22.00 шамасында ресейлік "Протон" зымыранын ұшыруға қарсылық білдірген "Халықтық Альянс" ұйымының мүшелеріне айыппұл салып, ескерту жасады деп хабарлады белсенділердің бірі Азаттыққа.

Ұйым жетекшілерінің бірі Болатбек Бляловтың айтуынша, 10 белсендіге әкімшілік кодекстің 373-бабы бойынша бейбіт шеру өткізу тәртібін бұзды деген айып тағылған. Сот өкілдері Азаттық тілшісін ғимаратқа кіргізбей, комментарий беруден бас тартты.

"Халықтық альянс" мүшесінің сөзінше, Болатбек Бляловке - 15 айлық есептік көрсеткіш (26 мың теңге шамасында), Асхат Рахымжановқа - 3 АЕК, Санат Орын Әлиге - 3 АЕК, Серік Балтабекке - 3 АЕК және Әліби Рымхановқа - 1 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Қалған 5 белсендіге ескерту берілген. Бұдан соң "Халықтық Альянс" мүшелері түгел босатылған. Астанада 30 қыркүйек күні түстен кейін "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға наразы "Халықтық Альянс" қозғалысының он шақты өкілін полиция ұстап әкеткен еді.

Қозғалыс өкілдері Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруына қарсы жүздеген адамның қолы қойылған хатты парламентке тапсырмақ болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астаналық "Протонға" қарсы белсенділерге айыппұл салынды