Выйти
RU

Қарағанды облысында "Нұр Отанның" 4 мүшесі партия қатарынан шығарылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында "Нұр Отан" ХДП-ның 20 мүшесі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 16 адам сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталып отырса, 4 адам партия қатарынан шығарылды.

Бұл туралы Жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында мәлімделді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қарағандыда Жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы болып өтті. Онда "Қарағанды облысындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі "Нұр Отан" бағдарламасының іске асу жолдары" туралы мәселелер қарастырылды.

"Биылғы жылдың 8 айы ішінде партиялық жауапкершілікке партияның 20 мүшесі тартылған, оның ішінде 16 адам сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықпен айыпталып отырса, төрт адам партия қатарынан шығарылды. Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде партияның 20 филиалында құрылған жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестердің алатын рөлі зор. Олар жемқорлыққа қарсы 12 акция, жемқорлықтың алдын алу мен оған жол бермеу мәселелері бойынша 92 семинар-жиналыс өткізді", - деп хабарлады облыстық әкімдік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында "Нұр Отанның" 4 мүшесі партия қатарынан шығарылды