Выйти
RU

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына өзгерістер енгізілмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына су және кәріздік желілерді жөндеу мәселесін енгізуді қолдады.

Үкімет отырысында "Су ресурстары - маркетинг" ЖШС (Шымкент су арнасы) бас директоры Анарбек Орманов баяндама жасап, Шымкентте абоненттік төлем ақшасына біраз су желілерінің жөнделгенін жеткізді.

"Қала тұрғындарының барлығы дерлік суды есептеу құрылғыларымен қамтылған. Соның арқасында бір адамның ауыз суды тұтыну көрсеткіші тәулігіне 450 литрден 114 литрге дейін төмендеген. Сөйтіп, әрбір адам бір айда 700 теңгеге жуық ақшаны үнемдейді. Сондай-ақ электр энергияны тұтыну көлемі де төрт есеге азайды", - дейді А.Орманов.

Мекеме басшысы атап көрсеткендей, бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлерді жөндеуге қыруар қаражат бөлінеді. Алайда су және кәріздік құбырларды жөндеу жұмысы одан тыс қалып отыр.

Осыған орай, А.Орманов су желісі мәселесін аталған бағдарламаға енгізіп, бюджеттен тиісті қаржыны несие ретінде беруді ұсынды. Үкімет басшысы С.Ахметов бұл ұсынысты қолдады.

"Негізі, сумен қамтамасыз ету және кәріздік желілер мәселесін мемлекеттік бағдарламаға енгізген жөн. Себебі олар (монополистер - авт.) жай бюджет ақшасын емес, бюджеттік несиені сұрап отыр ғой. Көрейік", - деді Премьер-Министр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына өзгерістер енгізілмек