Выйти
RU

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскери құрылымдарға 10 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарлануда.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Науқан қарсаңында шілде мен қыркүйек айлары кезеңінде әскери басқару органдарының мамандары тексеру жұмыстарын жүргізді.

Оған болашақ сарбаздар мен олардың ата-аналары қатысты. Жеке дара әңгімелесу барысында жас азаматтың адамгершілік және іскерлік қабілеті, денсаулық жайы анықталды.

Айта кетейік, "Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы" Заңы бойынша мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар шақырылады. Мерзімді әскери қызметшілердің борышын өткеру мерзімі - 12 ай.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды