Выйти
RU

Қымбат нөмірлер 2014 жылдан бастап сатыла бастайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Автокөліктердің қымбат нөмірлері 2014 жылдан бастап жаппай сатыла бастайды.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғынбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, қымбат нөмірлерді заңды түрде сатуды ескеретін заң жобасы 2013 жылдың соңына дейін қабылданады.

"Қазіргі кезде заңнамалық, нормативтік, құқықтық база әзірленді, тек ол әлі қабылданбады және заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан, қымбат мемлекеттік нөмірлерді сатуды жоспарлап отырмыз, тіпті бұл жобаны салық комитетімен де келістік. Менің ойымша, жыл соңына дейін заң жобасына барлық құзырлы органдар келісімін беруі тиіс", - деді Е.Тұрғынбаев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қымбат нөмірлер 2014 жылдан бастап сатыла бастайды