RU

Енді жол полициясы себепсіз көлік тоқтата алмайды

ҚР Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлеріне себепсіз көлік тоқтатуға тыйым салатын болды.

ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғынбаев республиканың жол полициясында қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын да тілге тиек етті.

Атап айтсақ, "Әмбебап полицей" жобасы аясында жол полициясы мен патрульдік-пост қызметі бөлімшелері біріктіріледі.

Сонымен қатар, полицейлер арасында лауазымын асыра пайдалану оқиғаларын болдырмау мақсатында, әрбір қызметтік көлікке GPS-навигация жүйесі орнатылады және басқару орталығы барлық көліктердің жүріс-тұрысын орталықтан бақылап отырады, дейді вице-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/284111-endi-zhol-policziyasy-sebepsiz-kolik-toktata-almajdy.html