RU

Отандық дәрігерлердің препараты әлемде үлкен сұранысқа ие болды

Қарағандылық ғалымдар ісік ауруларының бетін қайтаратын, ащы жусаннан жасалған арглабин препаратын алты елдің клиникасы қолданып жатыр деп жазады Айқын газеті.

Онкология және радиология ҚазҒЗИ директоры Қуаныш Нұр­ға­зиевтың айтуынша, адам өміріне ең қатерлі дерттің ішінде ісік аурулары Қазақстанда екінші орында тұр. Соның ішінде өкпе ісігі бірінші тұр, одан ке­йін­гі орындарда, асқазан-ішек және сүт бездерінің қатерлі ісігі алады.

Соң­ғы бес жылдың ішінде ісік ауруының көбею деңгейі 4,4 пайызға өскен. Әрине, бұған дәрігерлер дәрменсіздік көрсетіп, қол қусырып қарап отыра ал­майды. Қазақстандық фармако­лог­тар осы қатерлі дерттің алдын алуға шындап кіріскен сияқты. Арглабин препаратының тиімділігіне көздері жеткен әлемдік жетекші клиникалар мұны бірден қабылдап, өз пациент­те­ріне қолдана бастады.

Қазір біздің фар­мацевт ғалымдар ойлап тапқан, қазақ даласында ғана өсетін кәдімгі жусаннан жасалатын препарат әлем­нің 11 елінде патенттелген. Бүгінгі күні жусаннан жасалған жаңа дәріні өзі­міздің елдегі емдеу орындарынан бас­қа АҚШ, Германия, Ресей, Грузия жә­не Қырғызстан клиникалары кеңінен қолданып жатыр.

Арглабин дәрісі Орталық Қазақ­станда ғана өсетін жусанның ерекше түрінен жасалған. Оны, негізінен, ба­уыр, жатыр мойыны, сүт бездері, өк­пе ісік ауруларына қарсы қолданады. Осы уақытқа дейін препарат ісік ауруы­на шалдыққан үш мың адамға қолданылыпты, оның 76 пайызы оң нәтиже беріп, дерттің беті қайтқан.

Арглабин мен сәуле терапиясының қосындысы отадан кейінгі аурудың асқынуын 4,5 есеге азайтатынын зерт­теуші ғалымдар анықтап отыр.

Орта есеппен алғанда, Қазақстан халқының 30-40 пайызы әртүрлі ауру­лармен ауырады екен. Соңғы кездер­де Үкімет халықтың денсаулығын сақ­тау­ға қатты көңіл бөлуде. Келесі жылдан бастап әрбір қазақстандыққа 800 теңге бөлінетін болмақ.

Денсаулығы мықты адамдарға бұл бөлінген қаржы қа­жет­сіз болса, ол ауырған адамдарға жұм­салатын болады. Сондай-ақ бір адамға жылына 50 рет емделуге немесе ме­дициналық диагностика жасауға мүм­кіндік беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/284116-otandyk-derigerlerdin-preparaty-elemde-ylken-syranyska-ie-boldy.html