RU

Қостанайда атыс кезінде экс-боксшы жарақат алды

Қостанайдағы түнгі клубтардың бірінде тағы дүрбелең шықты. Даурыққан жастардың бірі оқ атып, демалуға келген азаматты иығынан жарақаттаған.

Атыс кезінде жарақат алған жігіт белгілі экс-боксшы Әсет Айсин. Қазір ол қалалық ауруханада емделіп жатыр. Жағдайы тәуір, дейді дәрігерлер.

Шаһардағы "Ля мажор" түңгі клубына көңіл көтеруге келген жігіттердің арасында спортшының достары мен кәсіпкерлер болған көрінеді.

Әуелі екі тарап сөзбен ілігісіп қалған, кейін қару қолданған. Аталған дерек бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Соңғы аптада осымен түңгі клубта екінші рет атыс болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/284619-kostanajda-atys-kezinde-eks-boksshy-zharakat-aldy.html