RU

Қазақстан тау шаңғы курортының ірі орталығына айналады деп болжануда

Осы уақытқа дейін кеңінен талқыланған тау шаңғы курортын салу салмау мәселесі Алматыда Еуразиялық деңгейде қаралды.

Оған әлемнің 40 мемлекетінен 200-ден аса туризм саласының мамандары қатысты. Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Талеба Рифаи мырза бастаған сарапшылар кеше Іле Алатауындағы Көкжайлау шатқалын тікұшақпен аралап, болашақ тау шаңғы курорты орналасатын аумақпен танысты.

Оның айтуынша, Қазақстан тау шаңғы курортының ірі орталығына айналуы мүмкін.

"Себебі, болашақ туристік нысан орны өте сәтті таңдалған", - дейді ол. Бұған дейін отандық мамандар Түргеннен Қаскелеңге дейін 40 мың гектар аумақты зерттеп, нәтижесінде Көкжайлау шатқалына тау шаңғы курортын салуды ұсынған.

Мамандар бұл әлемдегі ең ірі тау шаңғы курорты болатынын айтады. Сондай-ақ, елімізде тау шаңғы туризмін әлемдік деңгейге көтеру мақсатында оқу орталығы ашылмақ. Оған Дүниежүзілік туристік ұйым қолдау көрсететінін жеткізді.

"Бул оқу орталығында, жалпы туристерді қалай қабылдау керек. Олармен қалай жұмыс істеу керек сол жағы үйретіледі. Бұған біз қолдау көрсетеміз. Оқу орталығы барлық стандарттарға сай болады. Оқу орнын бітірген мамандар осы тау шаңғы курортында жұмыс істейтін болады", - дейді Талеба Рифаи.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/285392-kazakstan-tau-shangy-kurortynyn-iri-ortalygyna-ajnalady-dep-bolzhanuda.html