RU

Жайық өзенінің суы тартылып жатыр

Батыс Қазақстан облысында тұтынылатын судың 80% Ресей Федерациясынан келеді. Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкiмi Нұрлан Ноғаев мәлiмдедi.

Оның пайымдауынша, судың негізгі көзі Волгоград, Саратов және Самара қалаларынан келеді.

"Бүгінде облыста Жайық өзені тартылып жатыр. Оның бір себебі, Ресейде трансшекаралық су көзіне 4 бөгет жасалған. Аталған мәселені шешу жолында Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан Жайыққа су жіберу жоспарлануда.

"Батыс қазақстандықтар бүгінде Саратов облысындағы Су шаруашылығы басқармасымен ақпарат алмасып, Сарыөзенге 10-15 миллион текше метр тасқын су жібермек. Су бөлісу үшін Варфоломеев су қоймасына мамандар жіберілген. Күні бүгін одан 3,2 миллион текше метр су алынды. Қараөзен бойындағы Орлов-Гай су қоймасынан Новоузен, Александров Гай су қоймаларына секундына 40 текше метр су жіберілуде", - деді өңір басшысы.

"Кіші және үлкен өзенді Жайық өзенімен Орал-Көшім су системасы арқылы Кирова-Чижа каналы салынып, күрделі жөндеу өткізіп, жетпей тұрған Ақбәтер елді мекені тұсынан 13 километр қосып, Жалпақтал елді мекені қасынан су қоймасын жасап, сол суды реттеп отырып тиімді пайдалану керек", - деген ұсыныс жасады аймақ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/286260-zhajyk-ozeninin-suy-tartylyp-zhatyr.html