RU

Ресей ғалымдары ВИЧ ауруының жаңа түрін тапты

Ресей ғалымдары АИТВ, яғни көпшілікке ВИЧ атауымен белгілі аурудың жаңа түрін тапты. АИТВ-1 02 АG A деп аталатын аурудың жаңа түрі Новосибирск қаласында табылған.

Ал еліміздің мамандары "көрші елде тіркелген иммун тапшылығының вирусы біз үшін қауіпті емес",- дейді.

Аурудың жаңа түрін Ресейдің вектор БЕСТ компаниясының ғалымдары анықтаған. Алайда, отандық дәрігерлер "одан қорқудың еш қажеті жоқ, қалаберді бұл жаңалық емес",- дейді. Өйткені АИТВ ауруының әлемде 50-ден астам түрі кездеседі және ол сан алдағы уақытта тізбектеліп кете береді. Бірақ аурудың түп негізі мен таралу жолы өзгермейді деп отыр.1987 жылдан бері еліміз бойынша АИТВ індетін жұқтырған адамдардың саны 21 385 адам. СПИД-ке қарсы күрес орталығының мәліметі бойынша емі жоқ ауруды жұқтырғандардың ішінен 1500 адам бақилық болған тәуелсіздік жылдары. Ал иммунитетті әлсіретіп, қорғаныш күшін жоятын қауіпті дерт өкпе құрты, бауыр ауруы сынды 21 аурудың асқынуына себепкер болады екен. Ал соңғы кездегі елімізде туберкулез, қатерлі ісік ауруынан көз жұмғандардың саны артқан. Яғни, бұл аурулардың кеңінен таралуына тағы осы АИТВ қоздырғышы көмек береді.Ал жұқтырған иммун тапшылығы синдромы алматылықтар үшін де бас аурулардың бірі. Соңғы тоғыз айда 170 мың адам тексеруден өтсе, олардың 200-ге жуығынан қатерлі дерттің белгісі табылған. ЖИТС-ке қарсы қалалық күрес орталығының директоры Талғат Бапиев "басты мақсат аурудың таралуын толықтай тоқтата алмасақ та, оның көбеюуіне жол бермеу",- дейді.

Ғасыр індеті дүние жүзін дүрліктіргеніне 30 жылдан асса да, әлі оның емі табылған жоқ. Бұл дерттің көбеюіне негізгі себептердің бірі көпшіліктің "маған қатысы жоқ" деген жаңсақ пікірі мен АИТВ-ның "есірткіқұмарлар мен жез­өкше­лерде ғана болады" деген теріс түсінігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/286642-resej-galymdary-vich-auruynyn-zhana-tyrin-tapty.html