Выйти
RU

Байқоңырдан "Протон" ұшыру шегерілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

20 қазан күн Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру шегерілгені белгілі болды.

Агенттік ақпаратына қарағанда, зымыран тасығыш америкалық "Сириус-ФМ-6" аппаратын ғарышқа жеткізуге тиіс болған. Бірақ АҚШ ғарыш мамандарының өтініші бойынша бұл шара кейінге қалдырылған.

"Роскосмос" баспасөз хатшысы Сергей Горбунов "Ұшыруды АҚШ тарапының өтініші бойынша шегердік" деген. Оның айтуынша, "АҚШ ғарыш бекетінде ғарыштан келетін сигналдарды қабылдау құрылғысынан ақау табылған".

"КазТАГ" агенттігінің хабарлауынша, "зымыран ұшыру уақыты 22 қазанға шегерілген". Зымыран тасығыш 21 қазан күні ұшырылуы тиіс болған еді.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді. Бұл апаттан кейінгі алғашқы "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ғарышқа 30 қыркүйекте ұшты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Байқоңырдан "Протон" ұшыру шегерілді