Выйти
RU

Іле Алатауы паркіндегі өртте мемлекеттік инспектор қаза тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы маңындағы Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт 18 қазан күні кешке жақын табиғи парктің Алма-Арасан шатқалында басталып, 20 қазан күні кешке сөндірілген.

Өртті өшіру кезінде мемлекеттік инспектордың басына тас құлап жараланып, кейін ол ауруханада қайтыс болған.

Аумағы бір гектар орманды алқап пен бес гектар қураған ағаш жанып кеткен. Өртті сөндіруге 100-ден астам адам мен 4 техника жұмылдырылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Іле Алатауы паркіндегі өртте мемлекеттік инспектор қаза тапты