RU

Каддафидің жесірі күйеуінің жерленген жерін көрсетуді талап етуде

Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің жесір қалған әйелі осыдан екі жыл бұрын ливиялық көтеріліс кезінде қаза тапқан күйеуінің жерленген жері туралы қандайда бір мәлімет беруді талап етуде, деп жазады BNews.kz ВВС Орыс қызметіне сілтеме жасап.

"Голос России" редиохабар тарату компаниясы жария еткен әлемдік бұқараға бағытталған хатында Сафия Фаркаш Африка одағы елдерінен де генерал Каддафидің қаза болу жайын тергеуді талап етіп отыр.

"Өзіне тағылған барлық айыптар бойынша жазықсыз болса да түрмеде отырып, отбасынан мүлде оқшауланған ұлым Сейф әл-Исламмен байланыс орнату үшін Адам құқықтары жөніндегі барлық халықаралық ұйымдардан көмек сұраймын", - дейді жесір ана.

"Голос России" хабарлағандай, бұл талап-хатты радиокомпанияның редакциясына хат иесінің сіңілісі Фатима Фаркаш әкеліп тастаған.

Муаммар Каддафи НАТО авиациясы Сирт қаласынан қашып кетпек болған генералдың автоколоннасын басып алғаннан кейін қолға түскен болатын.

Ол оқиға орнында қаза тауып, Ливия шөліндегі құпия жерде жерленген. Ал оның әйелі Сафия Фаркаш қуғынға ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/286838-kaddafidin-zhesiri-kyjeuinin-zherlengen-zherin-korsetudi-talap-etude.html