Выйти
RU

"Green" дүкендер желісінен 5 млн теңге моральдық шығын талап етілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапонияда тұратын қазақстандық әйел "Green" дүкендер желісінен моральдық шығын өндіріп алмақ. Ол сотқа түсірген шағымында дүкеннен 5 миллион теңге төлеуді талап еткен.

Назым Мукаяма күзетшілердің дөрекілігінен жапа шеккенін айтады. Қаржылай өтемақыдан бөлек, супермаркет қызметкерлері жұмыстан босатылсын деп отыр.

Жетісу аудандық соты іске нүкте қоюы тиіс болатын. Алайда, үзіліс кезінде арыз иесінің науқастанып қалуына байланысты отырыс ертеңге қалды.

Айта кетейік, оқиға мамыр айында Алматыдағы "Green" дүкенінде орын алған. Сауда орталығына бос шөлмек алып кірген әйел мен он бес жасар қыз баланы күзетшілер ұрлық жасады деп айыптаған.

Ақырында ішкі қауіпсіздік қызметі бейнебақылауды қарап шыққан соң, олқылықтың болмағанын анықтады. Осыдан соң өздеріне жала жабылды деп есептеген Мукаямалар отбасы сотқа шағымданған еді.

"Қызым осы супермаркетте ұсталған кезден бері екі ай далаға шыға алмады. Психологиялық соққы алды. Өзім де ашуландым, неге осындай оқиға үшін дүкен жауапкершілікті мойнына алмайды. Күзет бастығы бізді боқтады, неге балаңды тәрбиелемейсің деп жазғырды, жылатты", - дейді шағым иесі Назым Мукаяма.

"Біз түсінбейтін жайттар бар. Ол өзінің шағым арызында моральдық тұрғыдан қорланғанын айтады. Егер біздің қызметкерлерге шағымы болса, неге сол кезде полицияға арызданып, мәселені шешуге тырыспады. Оның компанияның үстінен түсірген шағымында дәлелдері жеткіліксіз", - деген пікірде дүкендер желісінің өкілі Алмат Нұрмамбетов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Green" дүкендер желісінен 5 млн теңге моральдық шығын талап етілді