RU

"Халал" шұжықтар харам болып шықты

Халал деген жазуы бар шұжықтар харам болып шықты. Қарағандыда құрамында ішек ауруларын тудыратын қауіпті бактериялары бар шұжық өнімдері ең ірі сауда орталықтарында сатылып келген.

Заңсыз цехтан шыққан ет өнімдерінің санитарлық талаптарға сай емес екені де анықталып отыр. Ешбір құжаты жоқ шұжық, қаланың шетіндегі иесіз қалған ғимаратта, тазалық талаптарын сақтамай дайындалып келген. Сорақысы сол, цехта тек шошқа етінен ғана шұжық өнімдері дайындалады деп көрсетілген.

Алайда тексеріс барысында, цехтың ішінде" мұсылман шұжығы" деген жазулары бар қағаздар табылған. Өндіріс орнында шұжық дайындайтын еттің қайдан әкелгені жөнінде және оның сапасы туралы анықтама қағаздары жоқ.

Заңсыз кәсібін дөңгелетіп, халықты алдау арқылы пайдаға кенелмек болған цех бастығы тергеуге алынған. Бұдан өзге, оған "кісі өлтірді " деген айып та тағылған.

"Цех санитарлық талаптарды есепке алмай жұмыс жасаған. Барлық жерде шаң тозаң, лас, өрмекшілерге дейін жүр. Ет өнімдерін жерге қоя салған. Енді біз цех басшылығын сотқа беру үшін жұмыстар жасап жатырмыз", - дейді .ӘҚарағанды облысы Октябрь ауданы прокуратурасының бөлім жетекшісі Әлия Ансарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/286864-halal-shyzhyktar-haram-bolyp-shykty.html