Выйти
RU

"Барахолкадағы" өрттен 25 млн теңге шығын келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы "барахолка" атап кеткен орталық жайма базары өртенгенде 25 млн теңге шығын келген.

Осындай соманы BNews.kz тілшісімен телефон арқылы тілдескен қалалық ТЖД-ның анықтау бөлімінің бастығы Нариман Ержанов жария етті.

Оның айтуынша, өрт салдарынан "Аян" базары көп шығынға ұшыраған, оның шығыны 20 млн 730 мың теңгеге жеткен.

"Керемет" базарының шығыны 4 млн 883 мың теңгеге бағаланған.

Ал "Олжа" базарының шығынын анықтаушылар 590 мың теңге шамасында деп көрсеткен.

Естеріңізге сала кетсек, мамандардың айтуына қарағанда базардың өртенуіне дәнекерлеу жұмысы себепші болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Барахолкадағы" өрттен 25 млн теңге шығын келді