Выйти
RU

Ақтауда 6 айлық сәби екпеден кейін комаға түскен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Екпеге қатысты кезекті шу! Ақтауда 6 айлық сәби АКДС вакцинасы егілгеннен кейін комаға түскен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір омыраудағы нәрестенің беті бері қарап, ортақ палатаға ауыстырылыпты. Ал науқастың анасы екпені дұрыс салмаған ақ халаттылар деп айыптауда.

Айтуынша, сол сәтте баласының дене қызуы көтеріліп тұрған. Бірақ дәрігерлер ананың бұл уәжімен келіскісі жоқ. Ақтоты Жексембаева екі аптадан бері аурухана табалдырығын тоздырып, омыраудағы сәбиінің жатқан терезесін торуылдаумен жүр.

Өйткені, баласы АКДС екпесін қабылдаған сәтінен есінен танып, комаға бір-ақ түскен. Ақтоты бұған дәрігерлерді кінәлауда.

"Баламның не гемоглобинін, не дене қызуын тексермеді. Мен ескерттім, бір-екі күн бұрын ауырған деп. Құлақ асқан ешкім болмады. Салғаны сол еді, келесі күні қалтылдап ауруханадан бір-ақ шықты", - дейді баланың анасы Ақтоты Жексембаева.

6 айлық шақалақ жансақтау бөлімінде 10 күн ес-түссіз жатқан. Қазір беті бері қарап, ортақ палатаға ауыстырылыпты. Бірақ арнайы аппараттың көмегімен демалуда. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, бұған АКДС екпесінің қатысы жоқ екен. Айтуларынша, ауруханаға хал үстінде жеткізілген сәбиден "ми қабығының асқынуы" анықталып отыр.

"Егумен ешқандай қатысы жоқ дейміз. Өйткені егудің реакциясы 3 күннен 7-8 күнге дейін өтеді. Сондықтан бұл не егудің, не асқыну емес деп мәлімдей аламыз", - дейді  Балалар ауруханасы бас дәрігерінің қызметін атқарушы Жанна Шанытбаева.

Осылайша өздеріне шаң жуыта қоймаған дәрігерлер бар кінәрәт ананың өзінен екеніне сенімді. Себебі, менингит асқынып үлгерген. Десе де, баласының саулығын тілеумен жүрген ана ақ халаттыларды жауапқа тартпай қоймайтынын жеткізді. Қазір келіншек сотқа арызын дайындап жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда 6 айлық сәби екпеден кейін комаға түскен