Выйти
RU

Австралиялық асыл тұқымды сиырлар Қазақстанға жетпей қырылып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аттай қалап Австралиядан алдырылған асыл тұқымды сиырлар әуеде қаза тапты. Тұяғы жерге тимей, ұшақпен ұшып келе жатқан жануарлар Қазақстанға өлі жетті

"ҚазАгроҚаржы" компаниясының айтуынша, асыл тұқымды сиырлар ұзаққа созылған ұшу сапарына шыдай алмаған.

Белгілі болғаны, ұшақта барлығы 321 сиыр болған. Соның 49-ы әуеде өліп кеткен. Бұл сиырлар Алматы облысындағы фермерлік шаруашылыққа кеше жеткізілуі тиіс болатын. Дәл қазір бұл олқылықтың себептері анықталып жатыр.

Ең алдымен ұшақтың вентиляция жүйесі тексерістен өтпек. Қалыптасқан заңдылыққа сәйкес, жерге қонуға 20 минут қалғанда вентиляция толық өшіріледі. Бұл уақытта ұшақ салонының жоғарғы жағында аммиак жиналып қалуы мүмкін.

Сиырлар ағаштан жасалған жәшікке салынып,14 сағат бойы ұшқан.

"ҚазАгроҚаржы" компаниясының баспасөз хатшысы Әлия Исенованың айтуынша, бұл сиырлар әзірге Қазақстан тарапына тиесілі емес. Сондықтан, қаза тапқан сиырлардың орнына тірілері жеткізілуі тиіс.

Айта кетейік, асыл тұқымды сиырдың әрбірінің құны - орташа есеппен 3 мың доллар тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақпан айында Австриядан әкелінген сиырлардан Шмалленберг вирусы анықталып, 700 бас ірі қара өртелген. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері Еуропа, Канада және Австралиядан бес мыңға жуық сиыр жеткізілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Австралиялық асыл тұқымды сиырлар Қазақстанға жетпей қырылып қалды