Выйти
RU

Таиланд туристер үшін салық енгізбек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Енді Таиландқа барам деуші туристер салық төлеуге міндеттеледі. Ел билігі алдағы жарты жылда аталмыш заң жобасын қабылдауы мүмкін.

Жоспар бойынша елге үш күннен артық қоныстанған турист 16 доллар, яғни 2500 теңгеге жуық салық төлеуі тиіс. Ал Таиландта үш күннен кем қалған демалушы 1 доллар көлемінде мемлекетке қаржы төлейді.

Биліктің топшылауынша, мұндай салық түрі шет елден келген туристердің мәдениеттілігін арттырмақ. Жиналған қаржы көші-қон бюросының жұмысына жұмсалады. Қазір Таиландта визасының мерзімі өткен 100 мыңнан аса турист бар.

Бұл түйткілді де Таиланд тарапы аталмыш қызмет ақысын арттыру арқылы шешпек. Алайда, елдегі туристік фирмалар заң жобасына қарсы шықты. Ал елдегі қонақ үйлер ассоциациясы салық Таиландтың халықаралық беделіне нұқсан келтіретінін айтып, дабыл қағуда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таиланд туристер үшін салық енгізбек