RU

Қазақстан Халық әртісі Қарғамбай Сатаев өмірден озды

Қазақ өнері мен мәдениеті ауыр қазаға душар болды. 75 жасқа қараған шағында Қазақстанның Халық әртісі Қарғамбай Сатаев көз жұмды.

Ол ұзақ жылдар бойы Қарағанды драма театрында еңбек еткен. Актер негізінен, тарихи тұлғалардың образын сомдады.

Өз заманында халықтар көсемі болған Иосиф Сталиннің тұлғасын жасауда да шеберлігімен көзге түскен талантты жан болатын. Ал театр көрермендеріне Қарғамбай Сатаев Ақан сері, Сырым Датов пен Абылай хан бейнелерін ұсынды.

Өнер майталманы белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев сынды перзентті тәрбиелеп өсірді. Марқұммен қоштасу Алматыда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/287396-kazakstan-halyk-ertisi-kargambaj-sataev-omirden-ozdy.html