RU

Ескі үлгідегі 1000 жəне 2000 теңгелік банкноттар айналыстан шығарылады

1 қарашадан бастап 1994 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік жəне 1996 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкноттар айналыстан шығарылады.

Бұл туралы BNews.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2013 жылғы 1 қарашадан бастап Ұлттық Банктің филиалдары номиналы 1000 теңгелік 1994 жылғы үлгідегі жəне номиналы 2000 теңгелік 1996 жылғы үлгідегі банкноттарды қабылдамайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары 2003 жылғы 1 қарашадан бастап номиналы 1000 теңгелік 1994 жылғы үлгідегі жəне номиналы 2000 теңгелік 1996 жылғы үлгідегі банкноттарды жеке жəне заңды тұлғалардан қабылдайды жəне олардың түпнұсқалылығы сараптамамен расталғаннан кейін айналыстағы жаңа ақша белгілеріне айырбастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/287503-eski-ylgidegi-1000-zhne-2000-tengelik-banknottar-ajnalystan-shygarylady.html