RU

Қазақстан палуаны әлем чемпионы атанды

Иран астанасы Тегеранда әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстанның грек-рим күресінен құрамасы бұрын соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді, деп жазады Sports.kz.

"Аға бапкер Еркін Телақынов бастаған отандық әскери палуандар бір алтын, екі күміс және екі қола медаль қанжығалап келді. Нәтижесінде Қазақстан жалпыкомандалық есепте тек кілем иелеріне ғана есе жіберіп, 54 ұпаймен екінші орынға қол жеткізді. Ал үшінші орынды қанағат тұтқан Украина командасы болды (47 ұпай)", - деп көрсетілген wrestling.kz хабарламасында.

Елімізге жалғыз алтын медаль жеңіп берген 60 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Бағлан Жақанша болды.

Жеңіс жолында ол бразилиялық Р.Рибейроны (5:0, 4:1), украиналық Евгений Мәгкийді (2:6, 5:0) және шешуші кездесуде ирандық Саман Әдуәлиді (7:0) тізе бүктірді. Күміс жүлдегерлер: Дәулет Жақсылықов (74 кг) пен Дамир Күзембаев (120 кг). Қола жүлдегені жеңіп алғандар – Қорлан Жақанша (55 кг) мен Демеу Жадыраев (66 кг).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/287939-kazakstan-paluany-elem-chempiony-atandy.html