Выйти
RU

Қазақтың тәрелкесі Ресейде 5 мың доллар тұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Әлем аруы" байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Әйгерім Қожахан "Қазақтың киіз үйі" атты тәрелкені қайырымдылық бәссаудасына шығарды деп хабарлайды tengrinews.kz.

Әйгілі қазақстандық суретші Нелли Бубэнің "Қазақтың киіз үйі" туындысында көшпелілердің тыныс-тіршілігі бейнеленген. Суретшінің айтуынша, сауданы әуелі РСФСР-дің халық әртісі Лев Лещенко бастады.

Алайда, қазақтың қолөнер туындысын белгісіз біреу (атын атамаған) 5 мың АҚШ долларына сатып алған.

"Бұрын-соңды бәссаудаға қатысып көрмеген едім. Өте жоғары деңгейде өтті, керемет болды", - дейді Ә.Қожахан.

"Әлем аруы" байқауының жартылай финалы 5 қараша күні Crocus City Hall залында ұйымдастырылып, әлемнің ең сұлу 16 аруы іріктеледі. Ал финал 9 қарашаға жоспарланған.

Байқаудың финалына билеттер қазірдің өзінде сатылып жатыр, оның құны 12 мыңнан басталып 630 000 теңгеге дейін барады.

Қазылар алқасын Aerosmith тобының солисі Стив Тайлер басқарады. Байқауды Томас Робертс және Spice Girls тобының экс-солисі Мелани Браун жүргізеді. Отандасымызға сәттілік тілейік ендеше!

Бүгінгі күннің барлық жаңалықтарын NUR.KZ интернет-порталының қазақ тіліндегі нұсқасында оқыңыздар.

Егер қоғамды елең еткізер маңызды жаңалықтардан құлағдар болып, осындай оқиғалардың куәсі болсаңыздар editor@nur.kz адресіне жазып жіберіңіздер.  

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақтың тәрелкесі Ресейде 5 мың доллар тұрады