Выйти
RU

АҚШ еврейлерден Иранға тиіспеуін өтінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚ үйдің жоғары шенді дипломаттары мен қызметкерлері кеше АҚШ-тағы ықпалды еврей ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, Иранға қарсы жаңа санкция жарияламауын сұрады, - деп хабарлайды The Jerusalem Post.

Дереккөздің хабарлауынша, беделді еврейлермен Барак Обаманың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Сьюзен Райс, оның орынбасарлары Бен Роудс пен Тони Блинкен және АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман кездескен.

Олар еврей лоббистерінің Сенатқа жаңа санкцияларды дәл қазіргі шешуші сәтте ұсынбауын талап етті. Өйткені, отыз жыл қырғиқабақ қатынастан кейін енді ғана АҚШ пен Иранның арасы жақсарып келеді деді олар. Басылымның жазуынша, екі тараптың арасындағы келіссөздер айқай-шумен өткен.

Алайда, отырыстың немен аяқталғаны хабарланған жоқ. Ақ үй өкілдерінің еврейлермен кездесуіне түрткі болған Қоғамдық байланыс жөніндегі америка-израильдік комитетінің Иранға жасағалы отырған жаңа санкциясы. Вашингтондағы еврейлік лобби ең беделді ұйым болып есептеледі.

Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джек Стро лоббидің қаржылық мүмкіндіктерін шектеусіз деп атап кеткен болатын. Олар конгрессмендер мен сенаторларға сөзін өткізіп, саясатқа үнемі араласып отырады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ еврейлерден Иранға тиіспеуін өтінді