Выйти
RU

Алқабилердің қатысуымен өтетін сот отырыстары қысқартылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде алқабилердіңқатысуымен өтетін сот отырыстары қысқартылмақ! Бас прокуратура мұны жергілікті халыктың менталитетімен байланыстырып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Себебі айыпталушының кінәсі дәлелденіп тұрса да тамыр-таныс пен құда-жекжат кескен үкімнен кейін қоғамға қауіпті қылмыскерлер жазадан құтылып кетіп жатыр екен.

"Аймақтарда алқабилер құрамын сайлау өте қиын. Өйткені қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты өңірлердегі тұрғындардың басым бөлігі бір-біріне туыс. Мәселен, мен Астанада тұрып алқабилердің қатысуымен сот отырысын талап ете аламын. Ал, Шымкентте оны істей алмайсың. Себебі халықтың тең жартысы бір-біріне туысқан, құда-жекжат. Осыдан кейін алқабилер әділ шешім шығарады дегенге сену қиын", - дейді Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Қазірдің өзінде алқабилер сотынан тіпті Ресей мен бірқатар Еуропа елдері жаппай бас тартып жатыр екен. Мәселен, Кавказда жергілікті жұрт бір-біріне туысқан болғандықтан лаңкестік жасаған қылмыскерлердің өзін алқа билер бостандыққа қоя берген.

Дәл осындай жағдай біздің елімізде қайталанып отыр. Жалпы бұл жүйені Қазақстан Батыс мемлекеттерінен көшірген еді. Жарнамасы жер жарған жобаны ендіруге қазынадан қыруар қаржыда бөлінген-ді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алқабилердің қатысуымен өтетін сот отырыстары қысқартылады