Выйти
RU

ОҚО-да АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 363 теңгеден саудаланған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 363 теңгеден саудаланған. Бұл Сайрам аудандық білім бөлімінің оқушылар тасымалдаудағы шығындарды есептеу кезінде белгіленген баға.

Межелі мөлшерден үш есе артық ақша жұмсауды жоспарлағандардың әрекетін прокурорлар әшкереледі.

"Бензиннен бөлек ол көмір, дизельдік отын т.б сондай қажетті материалдар бойынша жалпы бәрі 17 млн теңге артық қаржы қойғаны анықталып, сол бойынша тиісті ұсыныс енгізіліп, жоспар қайта қаралып, оң өзгерістер енгізілді. Мектепке қажет қатты отынды сатып алуда бюджет қаржысын еселей жұмсау дәйегі Мақтаарал ауданында да анықталған", - деді ОҚО Прокуратурасының басқарма бастығы Мақсат Мошқалов.

Мемлекеттік сатып алу кезіндегі заңсыздықтар мұнымен бітпейді. Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы да заңсыздыққа жол берген. 12 әлеуметтік сауықтыру мекемесіне 550 млн теңгеден астам қаржыға азық-түлік сатып алу кезінде олқылық орын алыпты.

Талап бойынша байқау отандық тауар өндірушілер арасында өтуі керек еді. Прокуратураның ұсынысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мен экономикалық сотқа талап-арыз берілді.

Сөйтіп, заңсыз өткен 12 конкурстың күші жойылды. Өткен 9 айда прокуратура органдарымен қолданылған шаралар нәтижесінде 40 млн теңгеге жуық қаржы мемлекет пайдасына өндірілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ОҚО-да АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 363 теңгеден саудаланған