Выйти
RU

Атышулы "Қорғас ісіне" қатысты сотта басты куәгерлердің бірі жауап бере бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы атышулы "Қорғас ісіне" қатысты сотта басты куәгерлердің бірінен жауап алына бастады. Үш күннен бері судья мен адвокаттар Талғат Махатовты сұрап жатыр.

Себебі "Саныч" немесе "Бетон" деген лақап аттармен танымал бұл азамат Қорғас бекетіндегі былықтың бетін ашып берген. Яғни қаржы полицейлеріне қызмет еткен куәгер кеден бекетінде тыңшылықпен айналысқан.

Атап айтқанда 2012 жылдың наурыз айынан бастап кеденшілермен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың сеніміне кірген. Осылайша шекарадағы заңсыздықтарды анықтап аудио және бейнетаспаға түсіріп отырыпты. Осының арқасында қаржы полицейлері Қазақ-Қытай шекарасын "май шелпекке" айналдырған азаматтарды анықтаған көрінеді.

"Қытайдан тиелген жүкті қылмыстық топтың өкілдері шекараға дейін қарауылдап келіп, бекеттен өткізіп беріпті. Осы үшін тауардың барлық иелерінен ақша алып отырған", - дейді куәгер Талғат Махатов.

Құпия агенттің қызметін атқарған Талғат Махатовты сот залында қаруланған жасақ күзетуде. Тіпті куәгердің қауіпсізідігі үшін ол сұрақ-жауаптарға түр-әлпетін жасырып беруі тиіс болған екен. Алайда ешкімнен қымсынбаған жігіт жүзін жасыруды қаламапты. Тіпті адвокаттардың сұрақтарына да қатқыл жауап қайтаруда. Сондықтан қорғаушылар оған шара қолдануды сұрап отыр.

Айта өтейік, "Қорғас ісіне" қатысты сот мәжілісі осыдан төрт ай бұрын басталған. Осы аралықта 500-ге тарта куәгерден жауап алыныпты. Алда әлі сұралмаған 120 азамат бар.

Тек солардың пікірлері тыңдалған соң ғана айыпталушыларға сөз беріледі. Естеріңізге салайық, "Қазақ-Қытай шекарасынан заңсыз тауар тасымалдады" деген күдікпен 45 адам сот алдында жауап беріп жатыр. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атышулы "Қорғас ісіне" қатысты сотта басты куәгерлердің бірі жауап бере бастады