Выйти
RU

АҚШ-та зейнеткер жарты жылда екі рет джекпот иеленді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін 10 млн доллар ұтып алған Флорида штатының зейнеткері күні кеше тағы да ірі ұтысқа ие болды.

Бұл туралы The Daily Mirror дерегіне сілтеме жасап Newtimes.kz ақпарат агенттігі хабарлады. Ақпарат көзінің хабарлауынша, Джеймс Боузмэн бұл жолы 3 млн доллар ұтып алған.

Дегенмен, ол бұл соманың бәрін бірден алудан бас тартып, 30 көрсеткіштік негізде жылына 100 мың доллардан алуға келісімін берген. Сондай-ақ, жолы болғыш ойыншының өзі мұндай қомақты қаржыны мұраға қалдыруға ниетті емес екендігін де хабарлап үлгерген.

Қалай десе де, оған бүкіл қаражатты жарату үшін 97 жасқа дейін өмір сүру керек. Айта кетейік, The Daily Mirror көрсеткішінде сандық есепте Флоридада лотереядан екі рет ұту мүмкіндігі 195547109921856-нан бір деп бағаланды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та зейнеткер жарты жылда екі рет джекпот иеленді