Выйти
RU

Алматы әкімі әйелінің үйінде тұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әйелінің үйінде тұрып жатқандығын мәлімдеді.

Айта кетейік, шаһар басшысы бүгін Астанада ОҚК брифингінде журналистерге есеп беру үстінде.

"Пәтер мен жалақыға қатысты сұрақтың болуы мүмкін екендігін маған ескертті. Мен сіздерге нақтысын айтайын, менің жалақым 645 мың теңге. Оның 130 мың теңгесі ұсталады, қолыма тиетіні 515 мың теңге. Ал, баспана мәселесіне келсек, Алматыда үйім жоқ, әйелімнің үйі бар. Астанада гольф-клуб аумағында өз үйім бар, сіздер білесіздер, мен гольф ойнағанды жақсы көремін", - деді Ахметжан Есімов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әкімі әйелінің үйінде тұрады