Выйти
RU

Грузия президентін ұлықтау рәсіміне Путин шақырылмады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Грузияның жаңа президенті Георгий Маргвелашвилиді ұлықтау рәсіміне Ресейдің ресми тұлғалары шақырылмады.

Бұл туралы Грузияның сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті. Министрдің айтуынша, шақырылған қонақтар арасында Еуропа Одағына, НАТО блогына, "Шығыс серіктестік" еуроодағы бағдарламасына мүше елдердің, сондай-ақ Грузияда елшіліктері мен консулдықтарын ашқан барлық елдердің өкілдері бар. Бұл тізімге Ресей ғана кірмей қалған.

Естеріңізде болса, 27 қазанда Грузияда президент сайлауы өтіп, "Грузин арманы" коалициясының мүшесі Георгий Маргвелашвили сайлаушылардың 62,19 пайыз дауысымен жеңіске жеткен болатын.

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили сайлауға қатыса алмады, өйткені, бүгінге дейін екі рет сайлауға түскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Грузия президентін ұлықтау рәсіміне Путин шақырылмады