Выйти
RU

БҚО-да "қиын" оқушының қылығынан бүкіл мектеп дүрлікті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақжайық ауданының орталығы Чапаевтағы №1 орта мектепте 31 қазан күні оқыс оқиға орын алды. Алғашқы сабақ біте берген кезде мектептен бөгде иіс сезіледі.

"Газ исі" деп үріккен қызметкерлер іштегілерді түгелдей сыртқа шығарудың қамын жедел жасап, тиісті қызметтерге хабарлады. Газанализатормен зерттеу адам тамағын ашытып, мұрнына тиген бұл иістің табиғи газ емес екенін анықтады.

Ауадағы зиянды заттар мөлшері қалыпты мөлшерде. Мектеп ғимаратында, әрине, ешқандай газ желісі жоқ. Оқушылар үйлеріне таратылды. Барлық бөлме желдетілді.

Жағдай күні бойы бақылауда ұсталды. Сағат 11-ден кете бір оқушы әлдебір баллондағы затты шашты деген күдікпен тергеу басталды.

Күдік расталып, 11 сыныптың оқушысы С. ("қиын" отбасынан) адамның өзін-өзі қорғауына арналған "Перцовый шок" деген баллондағы затты шашқан болып шықты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да "қиын" оқушының қылығынан бүкіл мектеп дүрлікті