Выйти
RU

АҚШ Ресейге Қазақстан арқылы кірмекші

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ Ресей нарығына Қазақстан арқылы кірмекші. Мұндай пікірді РФ бірінші вице-премьері Игорь Шувалов ресейлік БАҚ тілшілеріне берген сұхбатында жеткізді.

Ресейлік саясаткердің айтуынша, Еуропа Одағы мен АҚШ Ресеймен келісе алмаған жағдайларға Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер кезінде қол жеткізбекші. Яғни, ұшақ, тікұшақ, ауыл шаруашылығы техникасын және автокөліктер кіргізуге кедендік қорғанысқа қатысты тұста. Олар Ресей бас тартқан шарттарды Қазақстанға да ұсынбақшы, сөйтіп Ресей нарығына кірмекші, дейді Шувалов.

Қазақстандық саясаткер Эдуард Полетаев та бұған қатысты өз пікірін білдірді: "Кедендік Одақ аясында атқарылған шаруалар АҚШ пен Батыс Еуропаның мүддесіне қайшы келіп отыр. Олардың өнімдерін тұтынатын елдердің саны азайып барады. Сондықтан олар Украинаны да "шығыс серіктестігі" бағдарламасына тартып әлек. Украина бұл бағдарламаға қосылса, 170 миллион тұрғыны бар, Одаққа мүше елдердің нарығына кіреді. Ал Кедендік Одаққа АҚШ-тың бұл қитұрқы саясаты әзірге тура келмей отыр".

"Дүниежүзілік сауда ұйымына келер болсақ. Ресейдің бұл ұйымға кіруіне себеп – ДСҰ-ға көптеген мемлекеттер кіреді және олардың бәрі де Ресей өніміне мұқтаж. Ал Қазақстанның оң жамбасына келмей тұр әзірге бұл ұйым, өйткені, талаптары күшейді аздап", - дейді сарапшы.

"Мұндағы басты проблема – келіссөздер жүргізушілердің тапшылығы. Өзге елдердің тәжірибесін сараптайтын мамандар қажет бізге. Егер ДСҰ-дың барлық шарттарына келісе берсек, Кедендік Одақтың принциптеріне қайшы келетін тұстары баршылық. Бұл шарттар адамнан өзге өнімнің кез келген түрін шығаратын Қытай үшін ғана тиімді. Сондықтан жеті рет өлшеп бір рет кессек те аз болады деп ойлаймын. Әбден зерттеп барып, өзге елдердің өнімдерімізге деген қажеттіліктерін саралап барып, кіруіміз керек халықаралық ұйымға", - дейді Э.Полетаев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ Ресейге Қазақстан арқылы кірмекші