Выйти
RU

Еліміздің бірқатар аймақтарында су бағасы тағы қымбаттайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қараша айында мұнай өнімдері қымбаттамайды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы Мұрат Оспановтың мәлімдеуінше, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы өспейді.

Есесіне, Жезқазған аймағында су бағасы екі есеге қымбаттайды. Қарашадан бастап Сәтпаев қаласында судың тарифі 9 теңгеден 17 теңгеге дейін көтерілмек.

Бағаның бұлқынуына бірнеше себеп бар. Біріншіден, Сәтпаевқа су сататын Жезқазған сумен жабдықтау кәсіпорыны су бағасын 8 теңгеден 15 теңгеге өсірген.

Екіншіден, өңірдегі су құбырларына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары да қосымша қаржыны талап етеді. Сонымен қатар, Жезқазған су арнасы қарамағындағы қызметкерлер жалақысын екі есеге арттырмақ.

Ал, аталған кәсіпорынның тариф межесі 3 жылға бекітілген көрінеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің бірқатар аймақтарында су бағасы тағы қымбаттайды