Выйти
RU

БҚО-да мектеп директоры аспазды ұрған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

БҚО соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен қарауындағы қызметкерді соққаны үшін мектеп директорына айыппұл салынды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Бөкей ордасы ауданы орта мектептерінің бірінде орын алған. Мектеп директоры аспазбен сөзге келіп, оған қол жұмсаған.

Соның салдарынан аталмыш қызметкер дене жарақатын алған. Апелляциялық сот алқасы мектеп директорын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 79-3-бабына сәйкес айыпты деп танып, оған 86 мың теңге айыппұл салды.

Оған қоса жәбірленуші моральдық шығынды өндіру жөнінде сотқа қайта арыз түсірген. Бөкей ордасы аудандық соты жауапкерден моральдық залал ретінде 20 мың теңге өндірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да мектеп директоры аспазды ұрған