Выйти
RU

Алматыға кіре беріс жолдарда 4 автобекет салынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыға кіре беріс жолдарда 4 автобекет салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов айтты.

Оның атап өтуінше, Алматы үшін ең басты мәселе экология болып отыр. Сондықтан да қалада жүзеге асырылатын барлық жобалар экологиялық сараптамадан өткізілуде. Дегенмен зиянды шығарындылардың 82 пайызы көліктердің еншісінде болып отыр.

"Алматыда 520 мың автомашина тіркелген. Қалаға күнсайын 200-ден 300 мыңға дейін көлік келеді. Біздің қала көшелерінде 700-800 мың көлік жүр деген сөз. Сондықтан да біз, ең алдымен жанармай сапасын тексере бастадық. Екіншіден, осы жылы қалаға кіреберістерде пайдаланылған газ шығарындыларының стандартқа сәйкестігіне машиналарды тексеру үшін 13 экобекет орнаттық. Қазірдің өзінде 30 мыңнан астам машинаға айыппұл салынып, бұл өзінің белгілі бір тиімділігін көрсетуде", - деді ол.

Сонымен қатар А.Есімов өз сөзінде 5 мың көлікке арналған тұрақтары бар 4 автобекетті қала кіреберістерінде салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатқандығын айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыға кіре беріс жолдарда 4 автобекет салынады