Выйти
RU

Алматы әкімі әлеуметтік желілерге қырағы қарайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әлеуметтік желілерге қырағы қарайды.

"Әлеуметтік желілерге өте тыңғылықты қараймын. Мәселен, бүгін таңертең айфонымды алып, ол жақта не болып жатқандығын, Алматы туралы не айтатындықтарын қарадым", - деді А.Есімов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол ғаламтор бетіндегі жазбалардың барлығымен бірдей келісе бермейтіндігін баса айтты.

"Дегенмен, бұл ой-пікір білдіру әрі мен білуге тиістімін. Сондықтан бұған барынша байыппен қараймын", - деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әкімі әлеуметтік желілерге қырағы қарайды