RU

Көлікті тіркеу куәлігінен қозғалтқыш нөмірі алынып тасталынады

Еліміз бойынша көліктердің тіркеу куәлігінде қозғалтқыш нөмірі көрсетілмейді. Заңға осындай жаңашылдық енгізілді.

Жол сақшылары көлікті тіркеуге қояр кезде тек шанақты ғана қарайды. Мұндай тәжірибені әлемнің көптеген елі қолданып келеді. Яғни, қозғалтқыш қосалқы бөлшек ретінде қарастырылып, ол ауыстырылған жағдайда құжат рәсімдеудің қажеті жоқ.

Жол сақшылары заңға өзгерістер енгізерде көптеген жүргізушінің өтініші ескерілгенін алға тартуда.

"Енді аталған көлікті үш жыл бойы басқармаған жеке тұлғалар ешқандай да мемлекеттік тіркеу нөмерінсіз, тіркеу куәлігінсіз көлікті есептен шығара алады. Тек ол 3 жылдың көлемінде техникалық байқаудан өтпей, заңға қайшы келмегенін растауы тиіс. Мұндай жағдайда біздің қызметкерлер көлікті есептен шығарады", - дейді ҚР ІІМ ӘПК МАИ басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Наханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/288634-kolikti-tirkeu-kueliginen-kozgaltkysh-nomiri-alynyp-tastalynady.html