Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "Миранда ережесі" пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстан полицейлеріне енді күдіктілерді ұстаған кезде оларға құқықтары туралы айтып беру міндеті жүктелуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін парламентте қылмыстық-процессуалдық кодекстің жаңа жобасын таныстыру кезінде бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель хабарлады.

АҚШ-та қолданылатын "Миранда ережесі" сияқты, жобаға полицейлерді күдіктіні ұстау кезінде оған құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде адвокат жалдау құқығы, ешнәрсе айтпай үнсіз қалу құқы барын және барлық айтқандары күдіктінің өзіне қарсы қолданылуы мүмкін екенін ескертуді міндеттейтін ережелер кіргізілген.

Меркельдің айтуынша, бұған қоса жаңа кодекс жобасында күдікті кінәсін мойындаған жағдайда және тергеу ісіне көмек көрсетсе жазасын жеңілдету мүмкіндіктері де қарастырылған.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің бұл нұсқасы қабылданар болса, Қазақстан Орталық Азияда заңнамасында "Миранда ережесі" қолданылатын алғашқы мемлекет болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/288728-kazakstanda-miranda-erezhesi-pajda-boluy-mymkin/

pixel