Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала неғұрлым көп ұйықтаса, соғұрлым аз тамақ ішеді

Опубликовано:

Ғалымдар баланың ұзақ ұйықтауы мен ол тұтынатын тағамның арасындағы байланысты тапты. Зерттеу 8 жастан 11 жасқа дейінгі 37 баланың арасында жүргізілген, сонымен қатар оның ішінде 27%-ы артық салмақтан қиналатын болған, деп жазады РБК.

Америка педиатрия академиясына сілтеме жасап, Pediatrics журналы жазғандай, бала ұзағырақ ұйықтаған сайын азырақ тамақ ішетіні анықталған.

Күніне 10 сағаттан артық уақыт ұйықтайтын балаларда қарын ашуына жауап беретін лептин гормоныны азаятын көрінеді. Ал ұйқысыздықпен ауыратындар немесе аз ұйықтайтындар өз құрдастарына қарағанда, көбірек тамақтанады екен.

Зерттеу барысында балалар бір апта ішінде үйде өздеріне үйреншікті уақыт көлемінде ұйықтаған. Содан кейін олар тағы бір аптаға ұйықтайтын уақытын 1,5 сағатқа ұзартуы немесе азайтуы тиіс болды. Үшінші аптада бұл екі топ "орындарын ауыстырған".

Қорытындысында ғалымдар ұзақ уақыт ұйықтау қабылдайтын тағам мөлшерінің және сәйкесінше, салмақтың азаюына алып келетінін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/289120-bala-negyrlym-kop-yjyktasa-sogyrlym-az-tamak-ishedi/

pixel