RU

Махидевран басқа Сұлтанға күйеуге шықты

"Сүлеймен сұлтан" сериалындағы Сүлейменнің бірінші әйелі Махидевранның рөлін сомдаған Айсие Нур Феттахоглу тұрмысқа шықты. Айсие Нур Феттахоглудың алғашқы некесі сәтсіз аяқталған болатын.

32 жастағы актриса ендігі өмірін бизнесмен Левент Везироглумен байланыстырды. Қос ғашықтың қуанышын бөлісуге жақындары мен дос- жарандары келді. 70- ке жуық адам шақырылған тойда сериал әртістері де қонақ болыпты.

Олардың арасында Сүлейменнің қарындасын сомдаған актриса Сэльма Эргенч (Хатидже), сериалдың режиссері Тимур Савджи жұбайымен келген.

"Сүлеймен сұлтан" сериалында бағы ашылмаған актрисаның өмірде бағы жанады деген сенімдеміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/289122-mahidevran-baska-syltanga-kyjeuge-shykty.html