RU

Елімізде жұмыртқаның бағасы күрт қымбаттады

Айналдырған төрт тәуліктің ішінде оның бағасы 140-тан 250 теңгеге бірақ көтерілген деп хабарлайды КТК арнасы. Ақтауда тіпті 320 теңгеге жетіпті.

Мамандар бағаның бұлайша шарықтауын іргелес Ресейдегі жағдаймен тығыз байланыстырып отыр. Себебі ол жақта жұмыртқаға сұраныс артқан. Ал нарықтағы бағаны тұрақты ұстап тұруға шенеуніктер қауқарсыз.Жұғымды ас болғандықтан,жұмыртқа өтімді тауардың бірі. Соңғы үш күнде оның бағасы екі есеге қымбаттап, ең арзаны 250 теңгеден сатылып жатыр. Әсіресе Ақтау қаласында он түйір жұмыртқаның құны 320 теңгеге дейін өскен. Бұл өңірдегі дүкеншілер бағаның бұлайша шарықтауын тасымалдаушылардан көріп отыр. Сегіз бірдей құс фабрикасы бар Петропавлдың өзінде жұғымды астың құны жоғарлап, 280 теңгеге жеткен. Ресейде сұраныс артқан соң кәсіпкерлер өнімнің бағасын асырып сол жаққа апарып сатып жатқан көрінеді.Жұмыртқаның қымбаттағыны қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиюде. Әсіресе зейнеткерлер бағаны бетімен жіберіп алған шенеуніктерге қатты қапалы.Аймақтарда азық-түлік бағасын қадағалап отыратын кәсіпкерлік бөліміндегілердің ешбірі жұмыртқаның құны неліктен шарықтап бара жатқанын ашып түсіндіріп бере алмады. Тіпті бағаның қашан бір ізге түсетінін де кесіп айта алмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/289231-elimizde-zhymyrtkanyn-bagasy-kyrt-kymbattady.html